2025 жылға дейін бакалавр бойынша стипендия жыл сайын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 15 пайызға көтеру көзделген.
2024 жылға стипендия көлемі қандай болмақ?
tengrinews.kz
6,236
оқылды

"Алдағы жылға стипендия көлемі қаншаға өспек?" деген сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді, деп хабарлайды Аikyn.kz

Tengrinews.kz.-тің сауалынан түскен ресми жауап бойынша, 2025 жылға дейін бакалавр бойынша стипендия жыл сайын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға   жыл сайын 15 пайызға көтеру көзделген.

Комитет 2024 жылы стипендия мөлшерін былай деп көрсетті:

бакалавриат  47 135 теңге (педагогикалық бағыттар бойынша  75 600 теңге);
магистратура 107 061 теңге;
докторантура  240 000 теңге.