Халықаралық теннис федерация­сы әлемдегі әйелдер құрамалары ара­сында жаңартылған рейтингті жария етті.
Команда 9 орынға жайғасты
фото: bassport.kz
2,226
оқылды

Қазақстан теннис федерациясы мә­лім еткендей, командалық әлем чем­пио­натының қорытындысымен қазақ­стандық құрама дүниежүзілік рейтингте 9-орынға жайғасты.

Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде командалар үш-үштен төрт топқа бөлініп, шеберлік бай­қасты. Қазақстан Словениядан қа­лып қойғанымен, өз тобында Аустралия­ны артқа тастап, екінші орынға ие болды. Сөйтіп, үздік сегіз команданың қатарына енді. Бірақ барлық құраманың көрсеткіштерін және бұрыннан жина­ған ұпайларын есептегенде, қазақстан­дықтар 9-сатыға тұрақтады.

Қазақстан командасы Германия, Сло­­вакия, Румыния, Бельгия, Ұлы­бри­тания, Польша секілді елдерді басып озды.

Қазақстан әйелдер құрамасы биыл­ғы сәуірде өзінің ең үздік көрсеткіші – жетінші орынға көтерілген еді.

Әлемдік рейтингте биылғы Билли Джин Кинг кубогын өз тарихында ал­­­ғаш рет жеңіп алған Канада көш бастады. Одан кейін Аустралия, Швей­цария, Чехия, Италия, Франция, Испа­ния, АҚШ, Қазақстан және Германия командалары орналасты.