«AMANAT» партиясының депутаты Ерлан Сайыров бүгінгі Мәжіліс отырысында халықтың әл-ауқаты төмендеп, төлем қабілеті азайғанын тілге тиек етіп, осы тығырықтан шығар жолды қарастыру керегін айтып, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа сауал жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерлан Сайыров: Азаматтар жылына коммуналдық төлемге 15 миллиард теңге қарыз боп қалып жатыр
481
оқылды

– Халықтың басым бөлігіне коммуналдық төлем төлеу қиынға тиіп жатыр. Бірінің жағдайы келсе, енді бірінің қалтасы көтермейді. Мысалы, азаматтар жылына коммуналдық төлемге 15 млрд теңге қарыз болып қалады екен. Сондықтан Үкімет «Тарифті инвестицияға айырбастау» принципін іс жүзіне асырғанда, халықтың қалтасының жұтаңдығын ескеруі тиіс. Мысалы, тұрғын үй көмегі квартал сайын төленеді, әр кварталға орташа есеппен 20 мың теңге. Оның өзін нағыз мұқтаж адамдар ала алмайды. Өйткені, бұл өтемді алу үшін, өзіңнің меншік үйің немесе мемлекеттен жалға алынған үйің болуы тиіс. Көптеген құжат толтыру керек. Ең бастысы, үй-күйі жоқ, пәтер жалдап жүрген, біреудің ауласын жағалап жүрген, ондаған мың нағыз мұқтаж азамат мемлекеттің көмегінің жұрнағын да көрмейді. Тіпті, олар мемлекеттің есебінде жоқ. Ал тарифтердің өсуінен қиналатын, өтемақыға ең зәру – осы кісілер. Клебанов тәрізділердің бизнесі жүрмей қалды деп, «сіңір кедейлерді» қанай беру күпіршілік. 

Тарифтердің қымбаттауына байланысты төлемақының сомасын арттыру керек және төлемақыны нағыз мұқтаж, қалада өзінің баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратын азаматтардың алуына нормативтік тетіктер жасау қажет. Баспанасы жоқ, квартира жағалап жүрген азаматтарды статистика мәліметтеріне енгізіп, олардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жасайтын әдістеме енгізу жөн. Оған қоса, квартира жалдап, дачаларда тұрып жатқан азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік  гарантия алуының жүйесі болғаны дұрыс, – дейді депутат Ерлан Сайыров.