Олар достары жайған дастарқанда бірге болған.
Оқудан шығайын деп жүргенмін: Цукерберг жарымен 20 жыл бұрын қалай танысқанын айтты
2,078
оқылды

АҚШ азаматы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі, Мета желінің жетекшісі Марк Цукерберг Instagram-дағы парақшасында жары Присцилла Чанмен түскен суретімен жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әйелін алғаш рет кездескендеріне 20 жыл толуымен құттықтап, естелігімен бөліскен.

"Біздің алғаш рет кездескенімізге 20 жыл толды. Біз достарымның менің құрметіме өткізген қоштасу кешінде жүздестік. Ол кезде мен оқудан шығайын жүрген едім. Оны кездесуге шақырып, колледжде аз ғана уақытым қалғандықтан, тез арада бір жерге баруымыз керектігін айттым. Кейін Facebook-ті құрдым, сосын шаңырақ көтердік, қазір біздің сүйкімді үш қызымыз бар, – деп жазды ол.

Кәсіпкердің әйелі де Марктың жазбасына жауап қатып, жас күндеріндегі фотоларын жүктеді.

"Ол мені әлі күнге дейін қуантады да жүреді. Қазір біздің соңымыздан 3 кішкентай ханым еріп келеді!" – деген Присцилла.