Кафе-мейрамханаларда отырғанда, абайсызда ыдыс-аяқтың бірін сындырып алу оқиғасы әркімнің де басынан өткен. Ал осындай жағдайда, айыппұл төлеуге міндеттісіз бе?
Кафеде ыдыс-аяқ сындырып алсаңыз, не істеу керек? – Заңгер жауабы
3,859
оқылды

Бұл сауалға "Отырар" телеарнасының заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның мәліметінше, мейрамхана, кафе әкімшілігі тарапынан айыппұл туралы ескерту берілетін болса, бұл заңсыздық болып есептеледі. Өйткені, мұндай жағдай сынған ыдыстар бүлінуге жатады. Яғни, оған мүлік иесі жауап беруі тиіс.

Ал шығынның орнын толтыру тәртібі азаматтық заңнамамен анықталады. Азаматтық Кодекске сәйкес, мүлікке зиян келтіргені үшін жауаптылыққа кінәнің  болуы және басқа да жағдайлар қажет.

«Егер сізге тамақтану орнының әкімшісі мүлікке зиян келтіргені үшін айыппұл төлеу туралы талап қойса, сіз заттың құнын және оны сатып алған күнін, сатып алынған орнын растайтын құжаттарды көрсетуді тұтынушы ретінде талап ете аласыз. Егер олар бұл құжаттарды көрсетуден бас тартса, сіз де айыппұл төлеуден бас тартыңыз», – деді заңгер.

Есіңізге сақтаңыз, айыппұл шарттарымен келіспесеңіз, мейрамхана-кафе әкімшілігін сотқа бере аласыз. Себебі залалды өтеу міндеттемесі сізге тек сот шешімімен жүктелуі мүмкін.