31 жастағы ер адам Батыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты.
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
534
оқылды

12 қараша күні сағат 17:52 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері көпірден секіргелі тұрған азаматты байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Данабек Сақуов және Болатбек Азимов 3 минут ішінде жеткен. Полицейлер келгенге дейін жаяу жүргіншілер де көмекке келген. 

31 жастағы ер адам Батыс Қазақстан облысының тумасы болып шықты. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны түсініксіз.

Қазіргі уақытта азаматпен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 

Фото: trip-for-the-soul.ru

Баян Жанұзақова