Оның пәтері мейрамхана орналасқан тұрғын үйдің жоғары қабатында.
Баян Алагөзова Алматыда мейрамхана өртінен қатты қорыққан
1,566
оқылды

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында кафедегі өрттің видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның пәтері мейрамхана орналасқан тұрғын үйдің жоғары қабатында. Алайда, продюсер ғимараттағы тұрғындарды түгел көшіре ма деп қорыққан.

Оның айтуынша, өрт кафенің шатырын небәрі 15 минутта шарпыған.

"Өрт сөндірушілер жарты сағат бойы өртті сөндіре алмады. Су жоқ, әлде басқа құралдары жоқ сияқты. Алты өрт сөндіруші келді. Бұған қалай түсініктеме береміз? Түсінбедім», – дейді Алагөзова видеода.

Сондай-ақ ол дәмхананың ашылуына әу баста үй тұрғындар қарсы болғанын еске салды.

"Дәмхана салынған кезде тұрғындар қатты қарсы болды, тіпті арыз жазды, сотқа берді. Бірақ бәрібір, барлық кедергілерден кейін бұл дәмхана салынды. Міне, енді. Өрт сөндірушілер көлікпен кіре алмай қиналды, өйткені, тым ыңғайсыз», – деген Баян Алагөзова.