Нұрсұлтан Астанаға салмағы 500 грамм болатын робот жасап апарды.
Атыраулық оқушы робототехникадан өткен республикалық чемпионатта бірінші орын жеңіп алды
584
оқылды

Нұрсұлтан Қалымжан – Астана қаласында робототехникадан өткен республикалық KazRoboSport-2023 чемпионатында бірінші орын жеңіп алды.

Нұрсұлтан Астанаға салмағы 500 грамм болатын робот жасап апарды. Жапондық сумо спортының ережесіне сай бағдарламаланған робот қарсыластарымен бәсекеге түсті. Осылайша, Нұрсұлтан құрап шығарған робот 18 қарсыласын жеңіп, «Мини – сумо» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

Нұрсұлтанды бәйгеге дайындаған «КазРобоспорт» Атырау облыстық филиалының директоры, JasSpace кеңістігінің «Робототехника» курсының тренері Асқар Алданның айтуынша, чемпионат өте тартысты өткен. Оған еліміздің әр  өңірінен 75 команда қатысқан.  

Еске сала кетелік, 5-6 қараша күндері Астана қаласындағы Алпамыс мектебінде робототехникадан  республикалық KazRoboSport-2023 чемпионаты өтті.                                                                                                                                                   

Баян Жанұзақова