Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Теміртауда 2 жасар сәбиін азаптап өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты
605
оқылды

Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі соты Теміртау қаласында өз ұлын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін жария етті. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Aikyn.kz «Патриот»  Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы  3-бөлігінде көзделген («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтесін»,  делінген сот үкімінде.

Сонымен қатар екі жасар баланың жүрегіндегі пышақ жарақатынан бөлек, қолы да сынғаны анықталды.

Айта кетейік, биыл наурыз айында 24 жастағы  ер адам екі жасар ұлын өлтіріп, қашып кеткені туралы жазған болатынбыз.