Павлодар облысының Қаражар ауылында заманауи білім беру стандарттарына толықтай сай ке­летін жаңа мектеп ашылды.
Жаңа мектеп
1,848
оқылды

Ауыл­­дағы білім беру проблемалары ту­ралы бұған дейін мұ­ғалім Зура Жү­сіпбаева әлеуметтік желілерде бір­неше рет жазған бо­латын. Со­ның нәтижесінде, 8 ай ішінде ауылда жаңа мектеп бой кө­терді. Ал бұл Eurasian Resources Group компа­ния­­сының қаржылық қол­дауының ар­­қасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жол­дауын­да заманауи білім берудің өзекті проблемаларын жиі көтеріп жүр. Соның негізгісі – ауылда білікті педагогтердің жетіспеушілігіне байланысты қалалық және ауылдық мектептер арасындағы орта білім беру сапасының алшақтығы. Со­ны­мен қатар сапалы білім мен кәсіби құзы­реттілік үшін қажет соңғы үлгідегі жаб­дықтармен жарақталған заманауи жайлы мектептердің тапшылығы байқалады.

Президент тапсырмасына сәйкес, елі­мізде «Жайлы мектеп» жобасы іске асуда. Оның шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде, оның ішінде ауылдық жерлерде жоғары стандарттарға сай келе­тін жүзден астам білім ордаларын салу жос­парлануда. Биыл 5 қазанда өткен Респуб­ликалық педагогтер съезінде сөй­леген сөзінде Мемлекет басшысы мектеп­тің ауыл өмірінде атқаратын ерекше шо­ғырландырушы рөлін атап өткен еді. «Мектеп барда ауыл бар» деп бекер айт­паса керек. Мектептер бірқатар әлеуметтік функцияларды атқарады. Мұнда қоғамдық жиындар, мәдени іс-шаралар, спорттық жарыстар өтеді. Басқаша айтқанда, ауыл мектебі жергілікті тұрғындарды біріктіруге қызмет етеді», – деді ол.

Бүгінгі күндегі білім беру процесінің бір ерекшелігі ретінде кәсіпкерлердің жауапкершілігінің артуын айтуға болады. Президент әлеуметтік бағдарға ие бизнес қоғамның барлық саласына атсалысып, аса маңызды мемлекеттік жобаларды іске асыруға тікелей қатысуы тиіс екенін бір­неше рет атап өткен еді. Соның арқасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шең­берінде бизнес өкілдерімен қолданыстағы мектептерді жаңғыр­ту және ауылдарда жаңа мектептер салу туралы келісімге қол жеткізілді.

Президенттің осы үндеуін қолдай отыра, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші көшбасшы­лардың бірі саналатын және ірі өндірістік жобаларды іске асырушы Eurasian Resources Group компаниясы Павлодар облы­сында екі жаңа мектептің құрылы­сына шамамен 2 млрд теңге қаржы бөлді. Олардың бірі оқу жылының екінші тоқ­саны қарсаңында Қаражар ауылында есігін айқара ашты.

Қаражар ауылындағы мектеп проб­лемасы туралы мұғалім Зура Жүсіпбаева әлеуметтік желілерде үнемі жазып жүретін еді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жаңа мектеп туралы арманын орыс тілі мұғалімі өзі шығаратын «Қаражарда жасалған» газетінде жариялаған екен. Расында да, 1958 жылы салынған жүз адамға ғана ар­налған тоғыз жылдық шағын мектеп қазіргі білім беру стандарттарына мүлдем сәйкес келмейтін, ал жабдықталуы оқушыларға қажетті білім мен дағдыларды сапалы игеруге мүмкіндік бермеді.

Eurasian Resources Group компания­сының қаражатына салынған жаңа мектеп жаңа компьютерлік жабдықтармен жарақталған. Президенттің қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқу сапасының алшақтығын азайту қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындай отыра, инвестор оқу орынын STEM зерт­ханасымен жабдықтады. STEM дегеніміз – Science, Technology, Engineering, Mathematics сөздерінен тұратын студенттердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерін дамыту үшін білім беру процесінің жаратылыстану, техникалық, инженерлік және матема­тикалық компоненттерін біріктіруге негіз­делген заманауи кешенді тәсіл. Дүние­жүзіндегі STEM зертханаларындағы клас­сикалық сабақтар: робототехника, бағ­дарламалау, инженерия жә­не био­технологияны қамтиды. Жас техниктердің ғылым әлеміне қызықты саяхатын бастауы үшін Eurasian Resources Group компаниясы зертханаға цифрлық микроскоптар, сондай-ақ робототехника сабақтарына қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алған. Мектептің құрылысы мен жабдықталуына салынған инвестиция көлемі 932,4 млн теңгені құрады.

Мектеп салу кезінде оның қауіпсіздік мә­селелеріне ерекше назар аударылды. Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде сөй­­леген сөзінде мектеп балалар үшін ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс екенін атап өтіп, барлық білім беру мекемелерін бей­не­бақылау жүйелерімен және сигна­ли­зациямен жабдықтауға тікелей тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау үшін Қаражар жалпы білім беретін мектебі киберқауіпсіздік пен бейнебақылаудың жаңа жүйесімен жарақтандырылды. Оған кіру мүмкіндігі ішкі бақылаумен реттелді.

Мектептің салтанатты ашылу рәсімі Қаражар тұрғындары үшін үлкен мерекеге айналды деуге болады. Бұл ауылда білім беру мекемелері ерекше маңызға ие екенін тағы бір айшықтай түсті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев маңызды мемлекеттік мәселелерді іске асыруға бизнестің жауап­кер­шілік таныта қатысуын ерекше атап өтті. Қаражарлықтар да өз ықыластарын жасыра алмай, ERG компаниясына алғыс­тарын жаудырып, жаңа мектеп балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, бүкіл ауылдың мәдени орта­лығына айналатынына сенім білдірді. Бұл туралы компанияның Директорлар кеңе­сінің төрағасы Александр Машкевич те жиі айтады.

– Бүгін ашылып жатқан бұл мектеп – ERG қаржыландырып отырған көп нысанның бірі ғана емес, біздің Қазақ­станның болашағына құйып отырған инвестициямыз. Өйткені білім беру – дамыған әрі гүлденген қоғам қалып­тас­тырудың алғы шарты. Бұл мектеп – біздің әр баланың ертеңі мен бойындағы қабілеттеріне артқан сеніміміз. Осы білім ұялары әлемге оң өзгерістер әкелетін жаңа көшбасшылар мен новаторларды қалып­тас­тыратын қара шаңыраққа айналады деген үміттеміз, – деді Александр Маш­кевич.

Қаражардағы мектептің ашылу салта­натында ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген нақы­лын тілге тиек етіп, балаларды әрдайым білімге, жаңаны тануға ұмтылуға ша­қырды. Білім беру мекемелерінің өскелең ұрпақтың дүниетанымын, көзқа­растары мен практикалық дағдыларын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Қаражарлықтар да ERG компания­сының атына көптеген жылы лебіздерін жет­кізді. Зура Жүсіпбаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Біздің жаңа мектебіміз әдемі. Ол ауданда, облыста жалғыз емес, алғашқылардың бірі болсын деп тілеймін. Әр ауылдағы бала­лар­дың соңғы техникамен жабдықталған мектепте оқуға мүмкіндіктері мол бол­сын». Қара­пайым мұғалімнің шынайы сөздері Eurasian Resources Group компа­ния­сының Болашақ жобаларымен тура сәйкеседі. Мәселен, қараша айының соңына дейін Павлодар облысының Сы­чевка ауылында тағы бір мектеп ашылмақ, оның құрылысын да компания қаржылан­дырып отыр. Ал келесі жылы Қостанай облысының Рудный қаласында 1 200 оқушыны қабылдауға дайын мектеп өз есігін айқара ашпақ.

Осы ретте Қаражар мектебінің құры­лысымен қатар ERG компаниясы ауыл­дық­тарға жоғары жылдамдықты интер­нетті кедергісіз пайдалануға мүмкіндік беретін оптикалық-талшықты байланыс желісін тартуды қаржыландырғанын атап өткен жөн. Бұл жоба Президенттің қазақ­стандық білім беруді цифрландыру қар­қынын же­дел­дету жөніндегі алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында жүзеге асырыл­ған, оның шеңберінде 2027 жылға қарай елі­міздің барлық мектептері жоғары жыл­дам­дықты интернетпен қамтамасыз етілуге тиіс.

ERG компаниясының қызметі биз­нес­тің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі деу­ге болады. Мемлекет басшысының бі­лім беру саласындағы алға қойған мін­деттерін іс­ке асыруға компания алдағы уақытта да өзі­нің елеулі үлесін қоса бер­мек.