Ұлан-ғайыр қазақ даласының кез келген өлкесі киелі, қас­­терлі, қа­дір­­лі. Кең жази­­ра­мыз­дың әр жерінің та­рихына терең бойлап, өткеніне үңілсеңіз, небір тың деректермен танысып, тау тұлға­ларымыздың кү­­­реске толы өмір жо­лынан қанық бо­­ласыз.
Торғай түлеткен тұлғалар
1,808
оқылды

Соның ішінде топырағы бөлек, рухты өлке Торғай даласы туралы толғанбау мүмкін емес.  Қойнауына талай құпияны бү­гіп жатқан қарт Торғайдың тау-­тасын түртіп қалсаң қалай сайрап бе­­­рер екен, шіркін! Осындай қас­­­тер­­лі жер­­дің тумасы, жерлесіміз, ақын Ғафу Қайырбеков: «...Торғайдың өзінен өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даң­­­қы озып кеткен дала» деп бекер айт­­па­­­ған. Шын­­­ды­ғында, Тор­­­­ғайдан шық­қан тарихи тұл­ғаларды тізе бас­­та­­­саң, санынан жаңыласың. Даңқты тари­­­хын зер­­делесең, таңдай қағасың. Осы өл­­кеден шыққан дарабоздар мен та­­ланттардың ұлт пен тарих ал­дында атқарған еңбек­­теріне ла­йық­ты баға беру, құрмет көрсету, кейінгі ұр­паққа насихаттау – біздің пер­­­зент­тік па­­рызымыз әрі аза­­маттық адал­ды­ғымыздың айғағы болмақ. 

Торғайдың төл перзенттерінің көш ба­­­сында жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйым­­дас­­­­­тырған Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы тұр. ХVIII ғасырда қазақ ұлысын бір тудың астына жинаған Абылай ханның серiгi, жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған ба­­­­­тыры, қазақтан шыққан тұңғыш тархан Шақшақ Жәнiбек Қошқарұлының туға­­­нына биыл 330 жыл толып отыр. Баһа­дүр бабамыз жайлы қаншама еңбек жа­­­­­зылған. Болмысы бекзат бабамыз туралы отандық тарихшылар мен әдебиетшілер небір құн­­­ды деректер қалдырып кетті. Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев 1993 жылы Торғайда өткен Шақшақ Жәні­­­бектің 300 жылдық тойында былай деген екен.

«… Екі жолбарысты соңына еріткен, өзі үшінші жолбарыс сияқты боп, айбынын асырған батыр Жәнібектің бүгінгі ұрпақ үшін қадірлі болатындығы, кісінің тағды­­­­рын бір ауыз сөзбен шешкен би Жәнібектің біз үшін қадірлі болатындығы, ең алдымен, сол батырлығы мен сол билігін елдарлыққа жұмсағандығы. Меніңше, жаңағы айтқан сыртқы архивтердің құжаттарында да Жә­­­ні­­­­бек атының жиі кездесетіндігі де осы ел­дар­­лықтан шығар. Әңгіме болып жатқан кезеңде қазір де ұлықталып отырған билер­дің де, батырлардың да көбі тірі жүр еді. Алайда генерал-губернатор Неплюев 1 742 жылы патша ағзамға Жәнібекті: «бұл екі ордаға да бірдей қадірлі, екі ордада да хан­­дардан да беделі артық, екі ордада хан­­дар­­­­мен бірдей тыныштық пен тәртіпті қам­­тамасыз ете алатын бірден-бір адам», – деп бағалап, сондықтан да «басқа адамдар­­мен шатастырмас үшін оған тархан атағын да­ра, ешкіммен араластырмай жеке беру керек» деген ұсыныс жасауы да тегін бол­маса керек». 

Жәнібектің қазақ үшін қадірлі бола­­­­тындығы тек батыр болғандығы үшін ғана емес. Жәнібекті ұлан-асыр тарихтың төрі­­не шығарып тұрған нәрсе – оның саясат­­­­шылығы. Ол Қазақтың бүкіл бір ұлысының тұтастығын қамтамасыз еткен саяси бас­­шы. Ол еліміздің егемендігі жолындағы көп­­­ғасырлық күресінің мақтанышы. Мем­лекеттік жоғары дәрежедегі қайраткер. Тұң­ғыш рет тархан дәрежесіне ие болған қазақ батыры. Жас ұрпақты баһадүр баба­­мыздың аруағы қолдап, желеп­-жебеп жүр­гей! 

Батырлардың ерлігі мен қайсарлығын өлең жолдарымен жырлаған торғайдың топжарғаны Нұрхан Ахметбековтың 120 жыл­­дық мерейтойы да биылғы жылға тұс­па-тұс келіп отыр. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен ха­лықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятқан ардақты ақын. Нұрхан ақын халқымыздың батырларын сүйсіне жырла­ған. Мысалы Жәнібек батырдың ерлігін өлең жолдарымен жеткізген. 

«Кім озар Қошқарұлы Жәнібектен,

Шақшақтың немересі асыл тектен.

Қалмақты қонысынан қойдай қуып,

Халқы үшін қан майданда қанын төккен».

Ақын, батыр бабаларының қайрат­тылығы, суырып-салма айтыста рух бере­тініне сенген екен. Қай ақын болмасын, туған жерін жырға қосып жырлаған. Нұр­­хан атамыздың шығармаларынан Тор­ғай жерінің табиғатына деген ыстық сезі­мін байқаймын. Жерлесіміз Сырбай Мәуле­­нов былай деп жазды: «... Шынында да Нұрхан өлеңі халықтың жүрегіне құйылатын нәрлі өлең­дер еді. Ақынның аузынан төгілген табиғи өлеңдер төңіректі түгел шарпып, за­манында аттылы жолаушыларға ілесіп аймаққа дүрілдеп тарай жөнелетін. Содан да оның көп өлең, дастанын тыңдаушы халық деп қабылдайтын...». Нұрхан Ахмет­­­беков – асқақ ақын, дәулескер күйші бол­ған. Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Қазақтың халық поэзиясын да­­мы­туға үлкен үлес қосты. Ақындық жолға түс­кен кейінгі жастар Нұрхан Ахмет­беков­тың жырларымен сусындап өсіп, мол мұра­сын өмірлік темірқазық етіп ұстануын тоқ­­татпауы керек. Ақының есімі Торғай жеріне ғана емес Қазақ жұртына таныс. 

Биыл қазақ әдебиетіндегі қарымды қа­ламгерлердің белді де беделді өкілі Қай­не­кей Жармағамбетовтың туғанына – 105 жыл. Қайнекей Жармағамбетовтің шы­ғар­машылық жоспарының аясы кең бол­ған. Ол оқиғалы өлең, баллада жазуды шебер меңгерді. 50-60-жылдары қазақ са­ти­­­­ра­­сына да аянбай атсалысқан. Өмірлік маңызға ие сатиралық туындыларды көп­­­теп жазды. Қайнекей Жармағамбетовтің «Ха­дишаға хат» атты еңбегі тұңғыш фелье­­­­­тон-баллада есебінде ұлттық поэзияның тарихына алтын әріппен жазылып қалды. Торғай топырағында кіндік қаны тамған қара бала үздіксіз ізденісімен, қарымды қабілетімен, табиғи талантымен зиялы қауымның назарын өзіне аударған. Көп жылдар журнал, газет баспаларының ре­­­дакторы қызметін атқарған. Жармағам­­­­­­бе­­­­­­­­товтің оқиғалы өлеңді жазуға, балладаға бет бұрғанына таң-дай қағып, тамсанбау мүмкін емес. Ол қазақы, қасиетті топырақ­та туды. Көне Торғайда ежелгі ел байлығы, оқиғасы тартымды, сөздері жүйелі, мазмұ­ны терең қисса, дастандарды айтатын ай­тулы жыраулардың көзін көрді. 

Қазір Алматы қаласындағы Абай және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы соңғы жылдары өзі тұрған үйге тақта ор­на­тылды. Торғай селосында ақын есімін­де ор­талық кітапхана жұмыс істейді. Шилі ауылындағы орта мектеп жерлес ақын­дарының есімінде. Көне Торғайда кіндік қаны тамып, барша қазақтың танымал қайраткері, қарымды қалам-гері қатарына қосылған көрнекті ақын, табиғи талант Қайнекей Жарма-ғамбетовті, ұлттың ұла­ғатты ұлын ұмытпайық.

 Жан­жақты талант иесі, қайраткер, пуб­­­­­лицист, ақын Ғафу Қайырбековтың 95 жылдық мерейтойы да атаусыз қалма­­­ғаны қуантады. Ақын Ғафу Қайырбековтің ту­ған жері Шұбалаңға қарасты Батпақсуат деген жерде. Ол кісінің өлең жолдарынан жан-жүрегімен, сүйіспеншілігімен туған жерін, туған елін сүйгенін және барлық адамзатты туған елін сүюге шақырғанын байқауға болады. Қызмет пен шығарма­шылықты тең ұстаған Ғафу ағамыздың қаламынан «Арал әуендері», «Қанатты жылдар», «Жер астындағы жұлдыздар», «Ал­тын бесік», «Большевик ауылы», «Маң­ғыстау маңғаздары», «Беласар» кітаптары­мен «Елтінжал», «Ақжелкен», «Бір кеменің үстінде», «Үш қиян» повес­терімен қоса, та­­лай ел мен жер мұңын қозғаған мақала, очерк­тері туғанын көпшілік жақсы біледі. Ғафу ағамыз «Жұлдыз» журналы бас редак­торының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушы­лар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құр­дас­тар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты.

Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдая­­қовтың «Ана туралы жыр» әнін білмейтін қазақ кем де кем. Сол әннің сөзін жазған біз­дің Ғафу ағамыз. Қазақтың маңдайына біткен қос таланты жазған ана туралы осы ән өз өміршеңдігін ешқашан жоймайты­­нына сенімдімін. Торғай халқы қашанда өнер­ге жақын өнер сүйер қауым болған. Өз таланттыларын көтермелеп, мерейін ас­қақ­­татып отырған. Өнерлілер ортасында өс­кен өрен міндетті түрде аға буын ізін қуып, өнерге білім мен ізденіске жол салып келуде. 

Торғай даласы тума таланттарға бай өл­ке екені бәріне аяң. Әсіресе, ақын жы­рау­лар көптеп туған. Осындай өлең жыр­дың қайнаған ортасында дүниеге келгендердің бірі – Болат Хамзин. Тобыл Торғай даласы­ның маңдайына біткен талантты перзенті Болат Хамзиннің 85 жылдығын қалай ұмы­тайық!? Ол дүйім жұртқа әсем ән, күйі­мен та­ныл­ған. Торғайдың дархан даласын ән мен күйге қосып жырлаған. Сазгер еліне деген махаббатымен өзі туып өскен жердің табиғатын, ондағы адамдардың жарқын бейнелерін ән әлеміне айнал­дырып, әсем сазға бөлей білген. Осындай жұртшылық­тың жүрегіне тез жол тапқан әндерінің бірі «Торғай қызы» 

Нәр алып күннен, жаралған гүлден

Кеудемеде күй боп толғайтын

Қой жайып жалғыз, жапанда жүрген

Қызы ғой ол да Торғайдың – деген өлең жолдары Торғай қызына, яғни шынайы ке­йіп­­кердің, қойшының жалғыз қызының бейнесіне жазылған. Осы күнге дейін ел ау­зын­да, той думан, жиындардың сәнін кір­­­­­гі­зіп жүрген ән. Өнер өрнегін жан-жақты меңгерген өнерпаз халықтың әсіре­се, торғайлықтардың жүрек төрінен орын алып, рухы мен руханиятын көтерген. Ел мақтаған ердің өнері өрге озып, өлеңдері бірінен кейін бірі шыға бастады. Ең алғаш­­­қы әні жары Күлзипаға арналған «Ұялмашы қалқатай» деп аталыпты. Одан бөлек, «Тор­ғай даласы», «Орамал», «Қайдасың», «Шол­­­­паным Жұлдызым», «Торғай қызы» және тағы басқа әндері туған. 

Күйші, композитор Болат Хамзиннің есімі республиканың өнер жұлдыздары ара­сында зор мақтанышпен аталады. Өз кезінде Торғайдың Шәмшісі деген теңеу атқа ие болған композитордың актерлік ше­берлігі де болған. Көптеген театрлық қойылымда да бой көрсеткен. Өнерлі жан­ның еңбегі еленіп, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді. Туған жерде Торғайда жүріп-ақ елге есімі танылған. 

Алматыдағы консерваторияны тә­­мәм­дап, елге оралғанда Ы.Алтынсарин атын­да­ғы орта мектепте музыка пәнінен мұ­ғалім бол­ған. Қазірде туған жері Жан­гел­дин ау­да­­нында «Болат Хамзин» атындағы өнер мек­тебі бар. Балаларды өнерге баулыған мектеп осыдан 22 жыл бұрын ашылған. Қа­зір балалар респуб­ликалық, қалалық бай­­­­­­­­қаулардың жеңім­пазы екен. Күйші атамыз аз ғұ­мы­рында өшпес із қалдыра біл­ді. Бо­­лат Хам­за­ұлы­ның артында қалған туынды­­­ла­­­­­рын келер ұрпақ кәдесіне жаратары анық. 

Биылғы жылы жоғарыда есімдері атал­ған тұлғалар мерейтойларымен қатар Тор­ғай қаласының 155 жылдығы мен Жанкел­­дин ауданының құрылғанына 95 жыл то­­­­­­лып отыр. Ғасырдан астам тарихы бар кө­не Торғайдың тарихы терең. Киелі өлке. Қазақы тіліміз бен дәстүріміз кеңінен сақ­талған. Жастары да жалынды. Алайда Тор­ғай елі шалғай жерде орналасқандықтан тынысы мен тіршілігі тысқары қалып жа­тады. Осы жазда елге барған сапарымда халық ұсынысы мен өтінішін тыңдап, аза­мат­тарды қабылдау өткіздім. Жангелдин ауданы бойынша жол, интернет, газ мәсе­лесі әлі де көңіл бөлуді қажет етеді. Биыл астықты өлкенің егініне шегірткелер ша­буыл­дап, ақбөкендер отап кету қаупі төнге­німен диханшылардың бағына орай егін бітік шықты. Халық үшін одан асқан қуа­ныш болсын ба. «Нан бар жерде ән бар» де­мекші, халық бейбіт аспан астында туып-өскен өлкенің мерейтойын тойлауда. 

 Торғай төріндегі торқалы той дүркіреп той­лануы орынды. Ондағы ән мен күй, қа­зақ күресі, бәйге жарысы, ақындар айтысы және тағы басқада мерекенің сәнін кіргізер шаралар халықтың мерейін тасытып, туған өлкеге деген махаббатын асырмақ. Осыда­н-­ақ Торғай топырағы қаншалықты талант­қа бай екенін аңғаруға болады. Қарт Тор­ғай­дан шыққан тарихи тұлғалардың ерек­­­­­ше қасиетпен даралануы, көне Торғай то­­пы­­­­рағы киесінің құдірет­тілігінен болса керек. Ылайым, бабалар мұрасымен рух­­танатын ел азаматтарының қатары көбейіп, ұлт мүддесіне қызмет ете бер­сін демекпіз. Торғай төсіндегі торқалы той құтты болсын, ағайын! Еліміз аман, жұр­тымыз тыныш, бауырымыз бүтін, еге­мендігіміз баянды болғай! 

Берік БЕЙСЕНҒАЛИЕВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты

© коллаж: Елдар ҚАБА