Марқұм кеншінің аты-жөні — Александр Валерьевич Прокудин.
Костенко шахтасында қаза тапқан 46-кеншінің денесі жер бетіне шығарылды
500
оқылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-шахтердің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды ​​облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілген.

«6 қарашада сағат 20.00-де Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46-шахтердің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды ​​филиалының тау-құтқарушылары жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Марқұм кеншінің аты-жөні — Александр Валерьевич Прокудин.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ТЖМ басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтада іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 46-кеншінің сүйегі табылғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, 28 қазанда Костенко шахтасында жарылыс болды.

Жарылыс кезінде жерастында барлығы 252 адам болған, олардың көпшілігі жер бетіне өз бетімен шыққан. Қарағанды ​​облысының ауруханаларына 24 кенші жатқызылды, олардың екеуі ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Бір науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Жарылыс салдарынан 46 кенші қаза тапты.  Бас прокуратура төтенше жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

фото: voxpopuli.kz