Академия ректоры Ерлан Әбіл үміткерлер қандай білім беру бағдарламаларына оқуға түсе алатынын айтты.
Мемлекеттік басқару академиясы: Оқуды жұмыспен қатар алып жүруге болады
1,609
оқылды

Бүгін Қазақстан  Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметші емес тұлғалар үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратура бағдарламаларына қосымша қабылдау басталды. Құжаттар 1-30 қараша аралығында онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Академия ректоры Ерлан Әбіл үміткерлер қандай білім беру бағдарламаларына оқуға түсе алатынын айтты.

«Модульдік оқыту қағидаты бойынша ақылы түрде білім алушылар оқуын жұмыспен қатар алып жүре алады. Оқу бағдарламасы 4 модульден тұрады. Оқыту онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Құжаттар «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» және «MRDm – Өңірлік даму» магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша қабылданады. Конкурстық іріктеудің барлық кезеңі офлайн форматта Академия қабырғасында өтеді», – деді ректор.

Айта кетейік, «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына басшылық лауазымда кемінде екі жыл, ал «Өңірлік даму» бағдарламасына кемінде екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Құжаттарды қабылдау Мемлекеттік басқару академиясының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады (https://admission.apa.kz/kk).

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген нұсқасы.

2. Қосымшасы бар жоғары білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы.

3. Шетел азаматтарын есептемегенде, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz) немесе ҚАЗТЕСТ (http://kazakhtest.kz сертификаты.

4. Еңбек қызметін растайтын құжат.

5. Өтініш (ЭЦҚ қол қойылған).

Байланыс нөмірлері: +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 34 43, +7 775 075 33 95, +7 775 075 34 43.

 

Фото: www.apa.kz