Жастар қанатының белсенділері ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны жалғастыруда.
«Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері вандализммен күрес акциясын жалғастыруда
537
оқылды

 

2023 жылдың қазан айынан бастап «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ Алматы қалалық филиалы «Вандализмге жол жоқ!»  ұранымен Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды экоакцияны бастаған болатын.

Акцияның мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ, туған жердің табиғаты мен тарихына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Осы орайда, Алматы қаласы «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері «Аюсай» тарихи шатқалы, «Терренкур» табиғи паркін, Медеу шатқалын тазалауға атсалысты.

4 қараша күні жастар алматылық белсенділер мен қала тұрғындарына Медеу шатқалында әлеуметтік эксперимент жасады. Эксперимент барысында қала тұрғындары «Вандализммен қалай күресуге болады?» сауалы бойынша жауаптар беріп, осы сұрақтардың шешімдерімен бөлісті. Жастар орнатқан жәшікке қала тұрғындары ұсыныстарын салып, жастардың қызығушылығын оятты. Нәтижесінде күні бойы тұрған жәшік қала тұрғындарының ұсыныстары мен жауаптарына толы болды. Бұл эксперимент нәтижесінде экологиялық сипаттағы вандализммен күреске халықтың бей-жай қарамайтыны белгілі болды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында атап өткендей, ел мен жерге деген жанашырлық – «Адал азамат» тұлғасының ең асыл қасиеттерінің бірі.  Алайда, соңғы кезде вандализм, әсіресе қорықтар, табиғи саябақтар мен киелі орындарда болған келеңсіз оқиғалар туралы хабарламалардың жиілеуіне байланысты Жастар қанаты ұлттық қазынаны қорғауға арналған акцияны жалғастыруда.