Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты.
Бүгін Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты
1,512
оқылды

Бүгін Қайрат Боранбаев бас бостандығынан айыру орнынан босатылды. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ІІМ ҚАЖК мәліметінше, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілген.

Мекеме әкімшілігі сотталушыға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді.  Сондай-ақ оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.

Бұған дейін  Қайрат Боранбаевтың туысына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз. 

Фото: Zakon.kz