Оқыс оқиға 2 қараша күні түс ауа тіркелді.
Атырауда әуежайдан өрт шықты
537
оқылды

Белгілі болғанындай, өрт әуежай ішінде  орналасқан Fast  food дайындайтын орында картоп қуыратын ыдыстан шыққан, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салдарынан ғимараттың ішін лезде түтін басқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Әуежай қызметкерлері мен жолаушылар өз күшімен қауіпсіз жерге эвакуацияланып үлгерген. Өрт сөндірушілер қырағылығының арқасында стратегиялық нысанның толықтай жанып кетуіне жол бермеді.

Баян Жанұзақова