1 қазаннан 27 қазанға дейінгі кезең үшін шахта жұмысшыларының еңбекақысы жоспар 100% орындалғандай төленеді.
Костенко атындағы шахтаның кеншілері қанша жалақы алады?
765
оқылды

46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасын әлі де иеленіп отырған "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерге қанша төлейтінін айтты,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының бұйрығымен 1 қазаннан 27 қазанға дейінгі кезең үшін шахта жұмысшыларының еңбекақысы жоспар 100% орындалғандай төленеді. Ал жұмыс тоқтатылған 28 қазаннан 31 қазанға дейінгі кезең үшін еңбекақы орташа жалақы мөлшерінде жүргізіледі.

Басқа құрылымдық бөлімшелерге бекітілген қызметкерлерге еңбекақы атқарған жұмысына сай төленеді. Бірақ еңбекақы олардың негізгі жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен болмайды.

Бұл 28 қазаннан бастап "Костенко" АҚ шахтасында кәсіпорынның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден басқа, келесі ескертуге дейін барлық жұмыс түрінің тоқтатылуына байланысты жасалды.

Компания кеншілердің табыс деңгейі төмендемейтініне сендірді.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты. Ал шыға алмаған кеншінің бәрі – 46 адам қаза тапты.