«AMANAT» партиясы Па­в­лодар облыстық филиа­лының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова, облыстық мәслихат депутаттары Бай­ғабыл Майкотов, Раушан Даумова және «Эльпида» грек этномәдени бірлестігі­нің төрайымы Людмила Ифан­допуло Павлодар мұ­най-химия зауытында бо­лып, мұнай-газ өнер­кә­сібінің жұмысшыларымен кездесті.
Партия бастамаларын қолдайды
620
оқылды

Кәсіпорынның бастауыш партия ұйымының мүшелері ПНХЗ-ның қыз­меті мен жетістіктерімен та­нысу, партиялық жоба­лар­дың жүзеге асырылу барысын талқылады. 

Партияның облыстық фи­лиа­лының жауапты хатшысы Айгүл Маликова жергілікті БПҰ-ның қызметін жоғары бағалап, ПНХЗ бастауыш филиалының құрамына 900-ден астам адаммен толыққанын баса айтып, облыс­тағы ең ірі партия ұйымдарының бірі екенін атап өтті. Ол БПҰ мүшелері кәсіпорында табысты жұмыс істеп қана қоймай, түрлі әлеуметтік бастамаға қатысаты­нын жеткізді. Зауыт ұжымы «Мек­­тепке жол» акциясына ерек­­­ше қолдау көрсетіп, семей­лік­терге өрт кезінде қол ұшын бер­­генін, екібастұздықтарға өт­кен қыста болған жағдайда да қолдау білдіріп, жергілікті жылу электр орталығындағы апат ке­зін­де көмекке жеткенін баса айтты. 

Сондай-ақ Айгүл Маликова жергілікті жерде өткен қоғамдық қабылдау аясында мұнай-химия зауытының бастауыш партия ұйымының мүшелерінен бұған дейін түскен өтініштің барлығы қаралып, орындалғанын хабар­лады. Бұл өтініштердің қатарын­да өңірді абаттандыру, аулаларды жаңғырту, жиналған қоқыстарды жоюға қатысты мәселелер бар  болатын. 

Облыстық мәслихат депутаты Байғабыл Майкотов өз сөзінде БПҰ құрамындағы жастардың көптігіне назар аударды. Оларды белсенді азамат болуға, еліміздің қоғамдық өміріне араласуға ша­қырды.

Партия мүшелері бастауыш партия ұйымының қатарын­дағыларға халықты қолдауға, елді дамытуға бағытталған «Ке­дергісіз келешек», «Бақытты от­ба­сы», «Халыққа көмек», «Арда­герлерді ардақтаймыз» жо­балары туралы жан-жақты ай­тып, атсалысуға шақырды. 

Павлодардағы мұнай-химия зауытының БПҰ төрағасы, облыс­тық мәслихат депутаты Мирас Хамитов партиялық жарнаның 20 пайызын қайтару тәжірибесін енгізудің арқасында «AMANAT» партиясының бас­шылығына және әріптестеріне көңіл бөлгені үшін алғысын біл­дірді. БПҰ өкілдері қолдан кел­генше партиялық бастамаларды жүзеге асыруға атсалыса беруді тоқтатпайтынын айтты. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымы алдағы уақытта да халық пен партия мүддесі жолында жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Берік БЕК