Астана қаласында желідегі апат салдарынан бірқатар тұрғын үй электр қуаты мен байланыссыз қалды.
Астананың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды, су да жоқ
1,002
оқылды

Елорданың кейбір аудандарында жарық сөніп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қалалық ВЛ-110кВ шеңберінде апатқа байланысты жарық сөндірілді. Апаттың себеп-салдары нақтыланып жатыр», – деп жазды Астана – өңірлік электр компаниясынан.

Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер апаттың салдарын анықтаумен айналысуда.

«Астана қаласында желідегі апат салдарынан бірқатар тұрғын үй электр қуаты мен байланыссыз қалды. Оқиға орнында коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Астана – 2 жылу электр орталығындағы қысқа тұйықталу салдарынан электр өндіру қуаты төмендеп кеткен.

Осы сәтте кейбір аудандар да су да өшіп қалды.

"Негізгі НФС қосалқы станциясындағы сумен жабдықтау және ағынды су жүйелеріне әсер етті, онда үш кіріс қуатсыз қалды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер кедергілерді анықтап, жөндеу шараларын жүргізуде", – деп түсіндірді "Астана су арнасы"