Сонымен қатар ведомство уәкілетті орган ретінде Ұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен БАҚ-қа олардың қызметі және веб-сайттарын безендіру ережелері туралы Ұсыным жолдады.
“АрселорМиттал Теміртаудағы” апат: Мәдениет және ақпарат министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
5,812
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қарағанды ​​облысындағы И.Костенко атындағы шахтадағы жағдайға байланысты ауқымды және уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық назарына шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған барлық шаралар туралы ақпарат дер кезінде жеткізілуде.

Сонымен қатар жақын арада Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызметкерлердің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтетінін хабарлаймыз", - деп жазды министрлік.

Сонымен қатар ведомство уәкілетті орган ретінде Ұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары мен БАҚ-қа олардың қызметі және веб-сайттарын безендіру ережелері туралы Ұсыным жолдады.

Осыған байланысты министрлік БАҚ басшыларын, телерадио хабарларын тарату операторларын, мемлекеттік органдар мен ұйымдарды Ұлттық аза тұту күні аталған Ұсынымдарды ұстануға, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында көзделген шектеулерді сақтауға шақырады.

Сондай-ақ ақпаратты дайындаған кезде жауапкершілікке тартылмау үшін сенімді дереккөздерге сену және жалған ақпараттың таралуына жол бермеу ұсынылады.