Ол әлемдегі үлкен қалалардың бірінің әкімінен қалай сұхбат алғанын әңгімелеп берді.
«Көңілім босап, жылап қалдым»: Қазақ журналисі АҚШ шендісінен қалай сұхбат алғанын айтты
3,961
оқылды

Белгілі журналист Гүлвира Биғалиева Нью-Йорк қаласында басынан өткен оқиғасын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әлемдегі үлкен қалалардың бірінің әкімінен қалай сұхбат алғанын әңгімелеп берді.

"Мына кісі Нью-Йорктің әкімі Эрик Адамс мырза. Мен әкімнің өзіне барып сұхбат алдым. Біздің Туымызды көкке көтеріп жатқан кезде көзімнен жас шығып көңілім босап қалған ғой. Сол кезде көзімді сүртіп жатсам Эриктің қасындағы адамдары қасыма келіп, неге жылап тұрсың, саған міндетті түрде сұхбат береміз деп қояды. Мен сұхбатқа бола емес, музыкаға жылап қалдым деп қатырдым. Көк Ту мен Әнұранның қасиеті жоғары екен. Қадірлейік, ешқашан құлатпайық", – деді журналист.