Белгісіз азамат адамдарға оқ жаудырған.
АҚШ-тың Мэн штатында атыс болып, 20-дан астам адам қаза тапты
783
оқылды

АҚШ-тың Мэн штатында орналасқан Льюистон қаласында белгісіз азамат адамдарға оқ жаудырып, салдарынан 22 адамның көз жұмғаны белгілі болды,   деп хабарлайды Aikyn.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның мәліметінше, қылмыскер әлі бостандықта.

Қала тұрғындарына қауіпсіз жерлерді паналауға кеңес берілді.

Атыс боулинг залында, сондай-ақ жергілікті мейрамхана мен барда болған.

Полицейлер күдікті қылмыскерді анықтау үшін көпшіліктен көмек сұрап, оның суретін жариялады.

Androscoggin county sheriff’s office

Сонымен қатар кемі 50 адам жарақат алды деп айтылды. Алайда бұл ақпарат әлі расталған жоқ.

Мэн штатының орталық медициналық орталығы жергілікті билік «көптеген адам қаза тапқан үлкен атыс оқиғасына» байланысты жақын маңдағы басқа да медициналық мекемелермен күш біріктіргенін хабарлады.

«Льюистонда мерген жүр. Тұрғындардан жасырынуын сұраймыз. Өтініш, үйлеріңізде болыңыздар, есіктеріңізді құлыптап алыңыздар», делінген штат полициясының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ақ үй президент Джо Байденге оқиға туралы ақпарат берілгенін мәлімдеді.

 

Негізгі фото: Lewiston Maine police department