Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы киікті малша қырғандар жайлы жанайқайын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол киікті тым құрыса етін керек ететін елдерге тірідей сатуды ұсынды.
Сәуле Әбілдаханқызы бұл ойын желідегі парақшасында жеткізді.
«Ай, топастар-ай... Ең құрымаса, етін керек ететін елдерге тірідей сатыңдар, тіпті болмаса, сойып, етін экспорттаңдар, тым болмаса, аш елдерге қайырымдылық азық ретінде жіберсеңдерші... Шаш ал десе, бас алатын есектердің өздерін осылай қырып салса ғой...», – деп жазды ол.
Көпшілік қоғам белсендісін қолдап, киіктің киесі ататынын ашып айтқан.
«Киіктің киесі атады дегенді ұмытты-ау бұлар», «Киікті атқанша көшедегі қаптаған итті атпай ма?», «Обал-ай», «Соншама топастыққа шек бар ма?!» деп жазды олар.