«Азаматтарға арналған үкімет» тұрғындарға ескерту жасады.
25 қазанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істей ме?
1,481
оқылды

Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады»,  делінген хабарламада.

Еске салайық, ХҚКО-лар әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері  сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: m.yk-news.kz