Аталған сайыс биыл елордамызда екінші мәрте өткелі отыр.
Elorda Aqparat-тың ұйымдастыруымен қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтеді
567
оқылды

25 қазан – Республика күніне орай «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен журналистер мен қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – Республика күні мерекесін ұлықтау, елордадағы қаламгерлер мен журналистер арасында зиялы орта мен сұхбат алаңын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау. 

Турнирге Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз хатшылары, т.б. қатысады. 

Жеңімпаздарға арналған негізгі жүлде қорынан бөлек биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақтың қабырғалы қаламгерлері атындағы арнаулы сыйлықтар қарастырылған. 

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен қатысушылар «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдарымен марапатталады.  

Турнирдің бас төрешісі – бильярдтан әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев. 

Жарыс 25 қазан күні сағат 09:30-да басталады.

Турнир «Zodiak» ойын-сауық кешені, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 3 мекенжайында өтеді.