Қазақстанның Индонезия, Латвия және Мексика құрама штаттарындағы елшілері тағайындалды.
Мемлекет басшысы үш елшіні тағайындады
443
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше елші жаңадан тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.