«AMANAT» партиясы әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде жан-жақты жүзеге асырып жатыр.
«AMANAT»: Жобалардың басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту
780
оқылды

«AMANAT» партиясы көптеген үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты серіктестік орнатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру аясында барлық өңірлер бойынша 15,4 мың қарияға атаулы әлеуметтік қолдау көрсетіліп, 35 мың адамға үй жағдайында медициналық көмек ұйымдастырылды.

Мемлекеттік және жекеменшік стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) қарт адамдардың тұрмыс жағдайын бақылау жөніндегі қоғамдық комиссиялар 231-ден астам рейд жүргізді. Комиссия жұмысына 95-тен астам ҮЕҰ, ҚХА-ның 86 этникалық-мәдени бірлестіктері жұмылдырылған. Жобаның ең белсенді серіктестері: «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, «Генералдар кеңесі» РҚБ, «Азаматтық альянс» РҚБ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

  «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»

Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды күшейту және жағдай жасау мақсатында барлық өңірлерде 2324 жедел әрекет ету тобы жұмыс істейді, олардың құрамына 74 қоғамдық ұйым мен ҮЕҰ өкілдері кіреді.

Партияның қолдауымен 7 отбасын қолдау орталығы ашылып, оларда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуде үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс істеуде.

Барлық өңірлерде ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, көпбалалы, әлеуметтік осал отбасыларға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары өткізілді.

Халықаралық отбасы күніне балалары халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған көп балалы отбасыларға мақсатты сапарлар ұйымдастырылып, 549-ға жуық бала қамтылды.

1 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үйінде дәрігерлік кеңес беру арқылы жергілікті жерде медициналық тексеруден өтуде.

«Спорттық отбасы» көпбалалы отбасылар арасындағы спартакиадаға 2 мыңнан астам адам қатысып, 120-дан астам еңбек әулеті жеңіске жетті.

Жобаның белсенді серіктестері: «Дағдарыс орталықтары одағы» ҚҚ, «Право» ҚҚ, «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» ҚҚ, «Бақытты бала» ҚҚ, «Асыл аналар» ҚҚ және т.б.

 

«КЕДЕРГІЗ КЕЛЕШЕК»

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында барлық өңірлерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін бақылауды 234 қоғамдық партиялық бақылау тобы (1170 адам) жүзеге асырады.

Мониторингтік топтардың құрамында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де бар. Осы жылдың ішінде нысандарды бақылау және бейімдеу мақсатында 765 рейд жүргізілді.

«Инклюзивті қоғамды дамытудың Еуразиялық қауымдастығы» ААҚ-мен бірлесіп «Қолжетімді Қазақстан» ҮЕҰ мониторингтік топ мүшелері үшін қолжетімді орта бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырды.

Барлық өңірлерде медиаторлар, заңгерлер, психологтардың қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға психологиялық-құқықтық көмек көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталықтар белсенді қызмет етуде.

Партияның барлық деңгейдегі филиалдары еңбек ұжымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастырудың 2-4 пайыздық квотасының сақталуын қадағалау, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлерді негізсіз жұмыстан шығару жағдайларының алдын алуды түсіндіру бойынша 460 кездесу өткізді.

Депутаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша 25 партиялық тыңдау өтті.

2023 жылы пилоттық режимде еліміздің 6 облысында балаларға сапалы күтім жасау және техникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін техникалық оңалту құралдары парктері ашылды.

Жоба аясында «Болашақ» ҚҚ көмегімен ашылған 43 инклюзия кабинеті, сондай-ақ «Тең мүмкіндіктер әлемі» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ашылған ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 110-нан астам бейімделген спорт секциялары ашылды және жұмысын жалғастырып жатыр.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру, қоғамдық-мәдени және спорттық шараларға тарту мәселелері бойынша партия филиалдары тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып, қайырымдылық шаралары өткізілді.

Биыл Көкшетауда партия мүшелерінің қолдауымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жазғы балалар лагері ашылды. Құрылу идеясы аутизммен және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға тиесілі.

Шымкентте қалалық мәслихат депутатының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аулада балалар ойын алаңы ашылды.

Жалпы, жоба аясында республика бойынша 375-тен астам ҮЕҰ партия филиалдарымен белсенді ынтымақтастықта.

Біздің серіктестеріміздің қатарында «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы», «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ, «Жастар ассамблеясы» РМО, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» АА, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ, «Еуроазиялық инклюзивті қоғамды дамыту Ассоциациясы» ММ және т.б. бар.

 

«ҰЛТТЫҚ МҰРА»

Ұлттық-мәдени құндылықтарды одан әрі дамыту және насихаттау аясында 2 республикалық, 4 облыстық, 5 аудандық ақындар айтысы өтті.

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға филиал басшылары, барлық деңгейдегі депутаттар, республикалық және облыстық «Мирас» кеңестерінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері белсенді қатысты.

«Ұрпаққа аманат» акциясы аясында қоғам қайраткерлерінің жастармен кездесулері де өтті.

Жоба барысындағы партияның серіктестері – Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жас журналистер Қаламгер Азамат» республикалық қоғамдық қоры, Қазақстан Айтыскерлер одағы және т.б.