“Санымды сипап, кеудемді ұстады” деген сексуалдық сипаттағы әрекетке ұшыраған қыздар қатары көп, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Маман ер адамдардың қоғамдық көлікте қыздардың ұятты жеріне не себепті қол жүгіртетінін айтты
1,038
оқылды

KYN.KZ тілшісінің жазуынша, Дана Адеева есімді бойжеткен осыдан 1 жыл бұрын автобуста болған жәйтпен бөлісті. Айтуынша, бұндай жағдайлар болып тұрады ғой деп, еш шағымданбаған екен.

-Көбіне қоғамдық көлікпен қатынайтындықтан,неше түрлі жағдай болады. Әсіресе, кешкі уақытта адам көп, тығылысып тұрған сәт. Алтын Ордаға қарай бара жатқан кезде халық көп болады. Кешкі 5 - тің кезінде киноға бара жаттым достарыммен бірге. Содан бір кісі артыма тұрып алды. Артымен емес, алдымен жабысып тұрды. Бір кезде қолы аяғыма тиіп кетеді. Мен жәй тиіп кеткен болар дедім. Одан кейін қол кәдімгідей қысып кеткендей болды. Содан шыдамай, “Не істеп жатсыз аға?” деп артыма қарап, алға қарай жұлқылап алдым,-дейді Дана Адеева.

Психосоматтың пікірінше, бұндай әрекетке қыздар жәйдан жәй ұшырамайды.

-Америкада бір зерттеу жасалған. 10 қыздың суретін алып, бүкіл түрмедегі маняктарға апарады. Осы қыздың ішінен қайсысын зорлайтын едің? дегенде, маняктардың 95%-ы бір қызды көрсетеді. Ол қыздың өмірбаянын зерттегенде , қыз кішкентай кезінен зорланған.Яғни, адамда бір вибрация болады да басқа адамдарды тартады,-дейді психосомат Нұрлан Несіпбай.

Ал, еркектердің не себепті қыздарға қырғидай тиетінін сексолог айтып берді.

-Бұл жерде екі мәселе бар. Ауру да, әдет болуы да мүмкін. Біріншіден, жасөспірім кезде еліктеу болуы мүмкін. Мектеп кезде қыздардың етектерін көтеріп кету деген сияқты. Қоғамдық көлікте танымайтын адамға тиісу-ауру,-дейді Жанна Төремұратова, сексолог.