Жыл қорытындысы бойынша, Елена Рыбакина ең табысты теннисшілердің ондығына енді.
Рыбакинаның 2023 жылы қанша табыс тапқаны белгілі болды
2,254
оқылды

Telegram-дағы «Teннисология» арнасы әлемнің ең үздік он теннисшісінің, оның ішінде қазақстандық Елена Рыбакинаның бір жылдағы табысы жайлы ақпарат жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл қорытындысы бойынша, Елена Рыбакина төртінші орынға жайғасты. Елена бір жыл ішінде 4,6 млн доллар (шамамен 2 млрд 200 млн теңге) табыс тапқан.

2023 жылдың табысы ең жоғары он теннисшінің тізімі:

1. Арина Сабаленко – 7,3 млн доллар;

2. Коко Гауфф – 5,5 млн доллар;

3. Ига Швентек – 5,4 млн доллар;

4. Елена Рыбакина – 4,6 млн доллар;

5. Маркета Вондроушова – 4,2 млн доллар;

6. Джессика Пегула – 4,1 млн доллар;

7. Каролина Мухова – 2,8 млн доллар;

8. Oнс Жабер – 2,7 млн доллар;

9. Петра Квитова – 2,4 млн доллар;

10. Мэдисон Киз – 2,3 млн доллар.

 

Фото: REUTERS / Toby Melville