Алматы қаласында Рес­пуб­лика күніне орай «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы, ақын Алмас Ах­метбекұ­лының оқырман­дар­мен кездесуі өтті.
«Кітап- AMANAT» жобасы: 100-ге жуық оқырман тегін кітап алды
660
оқылды

Атал­мыш шара «AMANAT» пар­тиясы Алматы қалалық фи­лиа­лының мұ­рындық бо­луы­мен «Кітап-AMANAT» жо­басы аясында ұйым­­дас­тырылды. Жобаның негізгі көздеген мақсаты – оқыр­­ман­дарды қол­жетімді баға­дағы тиісті кітап қорымен қам­­тамасыз ету ар­қылы қа­зіргі заман авторларына қол­дау білдіру, отандық әде­­биетті дамыту. Кез­де­суге белгілі қазақстандық автор­лар мен баспагерлер, қалалық мәсли­хат депу­таттары, партия мүшелері мен студенттер қатысты. 

Іс-шара барысында оқыр­мандар ақынмен еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ ақынның жаңа кітаптарының тұсаукесер сәтіне куә болды. Ерекше атап өтерлік жайт, кездесуге келген 100-ге жуық студент демеушілердің қолдауы­мен «Кітап-AMANAT» дүкені­нен сыйлыққа қалаған кітабын таңдап алды. Солардың бірі алматылық студент – Медет-Ізет Құсанқызы. Ол осындай рухани шаралардың елімізде көптеп қолға алынуы – кітап оқитын ұрпақ қалыптастыруда ықпалы зор екенін айтады.

– Бүгінгі шарадан өзіме қат­ты ұнағаны – кездесуден кейін демеушілер кітап орталығының атынан өзімізге ұнайтын кітап­тарды сыйға тартты. Бұл бүгін­гінің жастарына кітап оқытудың бір мотивациясы ретінде тиімді деп ойлаймын, – дейді алматы­лық студент М.Құсанқызы.

Қазір дүкенде 20 баспа үйі­нен 2 мыңға жуық кітап ұсы­нылған. Дүкенде кітап қорымен қоса, оқу залы мен bookcrossing, яғни кітап алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымдастыру­шылар мұның барлығы оқыр­ман­ның игілігі үшін жүзеге асып отырғанын алға тартты. Ал ша­раның басты қонағы, ақын Ал­мас Ахметбекұлы жоба аясында тиісті міндеттер мен сауатты ұрпақ қалыптастыруда маңызды шаруалардың атқарылуға тиіс екенін атап өтті.

– «Кітап-AMANAT» – ұлт­тық рухани өсуге, сауығуға қа­рай бет алған үлкен жоба. Сон­дықтан заманға сай өтімді, жас­тарға тәр­бие беретін, олар­дың зияткерлік деңгейін көтере­тін кітаптарды жинап жатыр­мыз. Кітапты және кітап оқитын халықты көбейтіп, оқырманың білімге деген ынта­сын артты­рып, халықтың рухани қуатын жетілдіру үшін қызмет етуге күш салудамыз, – дейді ол.

Оңтүстік шаһарда бастау ал­ған шара негізінде ақын-жазу­шы­лар мен ғалымдар өз еңбек­терін «Кітап-AMANAT» дүке­ні­не қойып, насихаттау мүмкін­ді­гіне ие болмақ. «Кітап-AMA­NAT» жобасы аясында жыл соңы­на дейін тағы 10 кітап дү­ке­­нін ашу жоспарланып отыр.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ