Конференция қатысушылары гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Орталық Азияның көшбасшы әйелдері Қазақстанда бас қосты
727
оқылды

Алматыда «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференцияcы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Дүниежүзі елдерінде қақтығыстардың өршуі мен тұрақсыздықтың артуы әйелдердің рөлі мен жағдайын ушықтырып отыр. Шығыстағы шиеленіскен жағдайдың әсерінен әйелдер де, балалар да қоғамның ең осал топтары ретінде құрбан болғанын байқаймыз. Ал біз бүгін талқылап отырған күн тәртібіндегі қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық апаттар кезіндегі әйелдердің қауіпсіздігіне басты назар аударамыз. Мәселені призма арқылы егжей-тегжейлі қарау керек", – деді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева.

Д.Еспаева сонымен қатар Қазақстанда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы “SpotLight” жарық сәулесі атты жобаның қолға алынған мәлімдеді.

"Еуропалық Одақ пен БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жаңа жоба қолға алынды. Жарық сәулесі аталатын жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық қолдауына ие. Жоба арқылы гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық нысанын жою жөніндегі аймақтық бастамасы іске қосылады", – деп нақтылады ол.