ҚР Сыртқы істер министрлігі Израильде із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматы туралы ақпаратты растаған жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Израильде із-түзсіз жоғалған Қазақстан азаматы туралы ақпарат рас па?
4,422
оқылды

Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі 7 қазанда Хамас пен "Исламдық жиһадтың" Израильдің оңтүстігіне басып-кіруі кезінде азаматтары қаза тапқан/тұтқынға алынған/із-түзсіз жоғалған елдердің тізімін жариялады. Олардың арасында із-түзсіз жоғалған бір қазақстандық та бар.

Алайда Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты растамады.

"Бұл екі күн бұрын болған жағдай, сол күні анықтадық. Шындыққа жанаспайды, Израиль биліктері кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады", – деді СІМ ресми өкілі.