Белгілі актер Азамат Сатыбалдының жұбайы Назгүл Қарабалина DASTARХан бағдарламасында Азамат Сатыбалдыға бірінші өзі ғашық болғанын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Назгүл Қарабалина: Азамат маған есеппен үйленді
1,083
оқылды

KYN.KZ тілшісінің мәліметінше, танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы Назгүл Қарабалина DASTARХан бағдарламасында күйеуімен алғашқы таныстығы жайлы айтты.

"Азаматпен ең алғаш академияда таныстым. Біз бірге оқыдық, бір курста, бір группада оқыдық. Бір ұстаздан бітірдік. Азаматты ең алғаш рет емтихан қабылдайтын үлкен залда көрдім. Мен рұқсат ала алмай, төртінші күн отырған болатынмын. Күнде фортепиано ойнап беремін, бірақ мені өткізбейді. Артқы орындықта күңіреніп отыр едім.

Залға бес жігіт кіріп келді. Менің жанымда анам бар. Ақ шалбар, ақ көйлек киген, ұзын бойлы жігіттер кіріп келді. Іштей бір сезім келді ме, білмеймін. Бұрылып қарасам, Азаматқа көзім түсті. Бірнеше секундқа көзім тоқтап, бір қарадым. Ол жерде "Мына жігіт келбетті" деп ойлайтындай шамада емеспін. Ол кезде Азамат қазіргідей сүйкімді де болған жоқ.

Өзі кішкене толықтау, көзі жап-жасыл. Келді де сахнаға шығып, бірден рұқсат алды. Мен "Кірді де, рұқсат алды. Мен осы жерде төрт күннен бері отырмын" деп, одан сайын жыным келіп қалды.

Оқуға түскеннен кейін Азамат бізде староста болды. Мен батыстың қызымын, айтқанға бағына қоймаймын. Бір-бірімізді жақтырмай жүрген кезіміз де болды. Кейін жақсы көріп кеттік қой", – деді Назгүл Қарабалина.

Назгүл Қарабалина бұған қоса бірінші күйеуіне өзі ғашық болғанын да жасырмады.

"Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым. Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін. Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Оны сен де білесің. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді", – деді Назгүл Қарабалина.