Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті
1,861
оқылды

Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.

"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.

Phystech II кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.

Бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталған болатын.