Бұл атақ - әдеби шығармашылық ортаның ең жоғары сыйлығы болады.
«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайтадан берілетін болды
638
оқылды

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Қазақстан Республикасының әуекеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», сонымен қатар «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға түзетулер енгізіліп, жетілдіру көзделген.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға берілетін болады. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғары сыйлығы болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік авиация саласындағы күштік органдарда (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) тек ведомствоішілік нұсқаулықтар ғана қолданылады. Осы ретте, «Қазақстан Республикасының әуекеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңға түзетулер енгізу мүмкіндігін ұсынады, - деп атап өтті сенатор Геннадий Шиповских.

Заң өндірісті жаңғырту, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын жақсарту, жергілікті қамту үлесін арттыру қорғаныс өнеркәсібі үшін де, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы үшін де маңызды болып саналады.