«AМANAT» партиясының қоғамдық қабылдауы билік пен бұқара арасында берік байланыстың алаңына айналды. Оған дәлел, биылғы жылдың тоғыз айында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің атқарған жұмысы көп.
«AМANAT»: Үйдің шатырын жөндеп, банкомат орнатып берді
758
оқылды

Бізге түрлі сұрақтармен жүгінеді және біздің міндетіміз – туындайтын мәселелерді атқарушы және құқық қорғау органдарын тарта отырып, азаматтардың мәселесін шешуіне көмектесу. Азамат көтерген кез келген мәселе егжей-тегжейлі қарастырылып, зерттелуі керек.

Сондықтан әрбір филиал, әрбір бастауыш партия ұйымы азаматтардың күнделікті мәселелерін шешу процесіне белсенді түрде тартылуы тиіс. Облыс бойынша биыл 9 ай ішінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне партияның қоғамдық қабылдауына 2 662 адам жүгінді. 

Қарау нәтижелері бойынша,  57 пайызы оң шешілді, 40 пайызы бойынша түсініктемелер беріліп, консультативтік көмек көрсетілді және 3 пайызы бақылауда. Күн сайын партияның филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар қандай да бір мәселелерді шешуге жәрдемдесуді сұрайтын өтініштер келіп түседі.

Мәселен, Мәншүк ауылының тұрғыны Косыбаева Орал Төлегенқызы ІІ топтағы мүгедек үйінің тозығы жеткен төбесін ауыстырып беру мәселесі бойынша «Мәншүк» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүляим Қожабековаға өтініш білдірді.

Аталмыш мәселенің өзектілігін ескере отырып, БПҰ-ның тұрайымы "AMANAT" партиясының сайланған Целиноград аудандық  мәслихат депутаты Амангельды Капановпен бірлесіп аталған мәселені оң шешті. Нәтижесінде, Мәншүк ауылының тұрғыны ІІ топтағы мүгедек үйінің тозығы жеткен төбесін ауыстырып, жаңартып берді.

Заводской кентінің тұрғындарымен Степногор  қалалық мәслихатының депутаты Нина Оразбаевамен кездесуде қарт тұрғындар кентте банкомат орнатуды сұрады, өйткені зейнеткерлерге зейнетақы алу үшін қалаға үнемі бару өте қиын.

Осы мәселе бойынша қалалық мәслихат депутаты Н.Оразбаева Степногор  қалалық мәслихатына депутаттық сауал жолдады.

«Халыққа көмек» және «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Н.Оразбаеваның Заводской кентінде банкомат орнатуға депутаттық өтінішінен кейін кенттің «Джахангир» сауда үйінде Jusan Bank-тың банкоматы орнатылды.

Партияның Көкшетау аумақтық филиалының қоғамдық қабылдауына Жұмағали Саин 6, Тәшенов 111, Жамбыл Жабаев 177, Бигелдинов 113 үйлерінің тұрғындарынан көше жарығының жоқтығы бойынша арыз келіп түсті. Қала тұрғындары қараңғы уақытта жарықтандырылмаған жерлерден өтуден қорқады, балаларды қараусыз қалдырудан қорқады.

Аталған сайлау округінің депутаты Фаим  Жұмабеков бұл өтінішке дереу әрекет етіп, мәселені өз көзімен көру үшін осы мекенжайларға барып, жағдайдың мән-жайымен танысты. 

Осы мәселе бойынша депутат шұғыл түрде «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне» депутаттық сауал жолдады. Осыдан кейін бұл мәселе оң шешімін тапты, бүгінгі күні жарықтандыру діңгегін орнату жұмыстары аяқталды.

Мұндай мысалдар, оң шешілген мәселе көп.

Азаматтарды партияның қоғамдық қабылдауларына қабылдау бекітілген Регламентке және азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Есепті кезеңде 1131 азаматтарды қабылдау өткізілді, оның барысында 2249 адам қабылданды, 58% (1304) өтініш оң шешілді.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары 263 азаматтарды қабылдады және 511 өтініш қаралып, өтініштердің 47% оң шешілді.

 «Халыққа көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізіледі, апта сайын қабылдауларды заңгер, нотариустар, адвокаттар мен медиаторлар жүргізеді. Қарау қорытындысы бойынша азаматтарға ауызша заңгерлік кеңес берілді, сот құжаттары жасалды, соттарда азаматтардың мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді.

«Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, нотариустар мен медиаторлар 99 қабылдау өткізіп, 180 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.

Сонымен қатар «Халыққа көмек» аясында 18 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 82 өтініш қабылданды, 165 көшпелі қабылдауда 344 өтініш қабылданып, оның 57%-ы оң шешілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың қабылдауларын жариялау, сондай-ақ оң шешілген мәселелердің кейстерін жариялау бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. 9 айда БАҚ-та 682 материал жарияланды.

Азаматтарды қабылдауды Facebook арналары арқылы тікелей эфирде өткізу мүмкіндігі пайдаланылады. Ағымдағы кезеңде тікелей эфирде 110 азаматтарды қабылдау өткізілді (депутаттар 67, жергілікті атқарушы органдар басшылары 17, партия 26).

Партияның аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәжірибесі бар. Мәселелерді шешуге жәрдемдескеннен кейін өтініш берушілер партияға кіруге ниет білдіреді. Мәселен, биыл 9 айда партияға 142 жаңа мүше қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылданды. Халық пен билік арасында дәнекер бола білген партия тұрғындардың өтініш-тілектерін шешу жолында одан әрі жұмысын жалғастыра бермек.

Дархан Канафин, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау меңгерушісі