Жаяу жүргінші – жол қозғалысының ең қорғансыз қатысушысы. Оларды жол апатын сақтайтын технологиялар бар. Бірақ өндіруші компаниялар көліктің бағасын өсіретін технологияларды қолданбайды
Автомобиль мен жаяу жүргінші: кім қауіпті?
805
оқылды

Жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, мүгедектер арбасындағылар және скутер жүргізушілері жол қозғалысының ең осал қатысушылары. Жол апатында олардың өмірін сақтауда жаңа қауіпсіздік стандарттарын  енгізудің қажеттілігі туралы BBC News арнайы материал жариялады. Aikyn.kz қандай технологиялардың көмегімен көліктерді жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жасауға болатынын түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Karan Kapoor

Жол қозғалысында жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоциклшілер, самокатшылардың қауіпсіздігін сақтауға көмектесетін көптеген технология  бар. Жол апатынан зардап шегетіндер мен қаза табатындардың көпшілігін де осы топты құрайды.

Осыған қарамастан автомобиль өндірісінде қауіпсіздік мүмкіндіктерін өсіретін технологиялар жаңа автомобильдерде қолданыла бермейді. Себебі ол көліктің бағасын өсіріп жібереді. Технология дамыған сайын оның құны да төмендейтіні белгілі. Бірақ өндірушілер де, тұтынушылар да ең қауіпсіз көліктің қымбат болғанын қаламайды.

Автомобиль өндірушілері алдыңғы әйнектің үстіңгі жағы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қауіпті екенін жақсы біледі. Сондықтан Volvo компаниясы 2012 жылы алғаш рет өзінің V40 көлігінде жаяу жүргіншілерге арналған көліктің сыртында орналасқан қауіпсіздік жастықшаларын енгізді.

Компанияның мәліметінше, «бұл қауіпсіздік жастықшалары жаяу жүргіншілерді капотқа соқтыратын белгілі бір жағдайларда қорғауға көмектеседі». Алайда  бұл жаңашылдықты басқа брендтер енгізуге асықпауда.

Фото Volvo компаниясының сайтынан алынды

Пассивті қауіпсіздік белсенді қауіпсіздік функцияларын алмастырмайды. Көлікті жаяу жүргіншілер үшін барынша қауіпсіз етуге болғанымен, ең жақсы қауіпсіздік – апаттың алдын алу. Бұл жаяу жүргіншіге де, көлікті жүргізушіге де байланысты.

Белсенді қауіпсіздіктің тағы бір түрі автоматты/автономды авариялық тежеу (AEB) болып саналады. Жүйе камералар мен көліктің сенсорлары жаяу жүргіншіге қауіп төніп тұрғанын анықтағанда тежегішті автоматты түрде іске қосады.

AEB Еуропадағы жаңа автомобильдердің бәрінде орнатылған. Бұл технологияның кемшіліктері де бар: ол төмен жылдамдықта жақсы жұмыс істейді, ал  түнде, жаяу жүргіншілер жылдам қозғалғанда іске қосылмай қалуы мүмкін.

Жылдамдықтан басқа  көліктердің көлемі маңызды фактор. Көлік таңдауда, жол қауіпсіздігін сақтауда ерекше жағдайлар да болуы мүмкін екенін мына юмордан көруге болады:

Қала көшелерінде жол талғамайтын көліктер көп жүретін Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан сияқты елдерде жаяу адамдардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық бар. Көліктердің көлемі үлкен болған сайын, олардың алдыңғы және артындағы жағдайды бақылау қабілеті де нашарлайды.

Кейбір елдерде жол талғамайтын көліктерді пайдалануда шектеулер де бар, олардың иелерінен тұраққа қою немесе тіркеу үшін қосымша ақы алынды. Бұл да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шара.

Сарапшылар жолдағы қауіпсіздікке, адам өмірін сақтауға байланысты стандарттар тек жаяу жүргіншілерге ғана емес, көлік жүргізушілерге де қатысты екенін айтады. Өйткені жүргізушінің өзі де бір уақытта көліктен түсіп, жаяу жүргіншіге айналады. Сондықтан жол қозғалысы кезінде көліктегі жүргізушіні де, жердегі жаяу адамды да бір-біріне құрметпен қарауға, қауіпсіздік ережесіне мұқият болуға шақырамыз.