Атырау облысындағы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында атқа міну арқылы ем-дом қабылдайтын иппотерапия орталығы ашылды. Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, – деп жазды Аikyn.kz.
Ерекше балалардың оңалуына жылқы көмектеседі
534
оқылды

Орталықта иппотерапия емін көрсету үшін 9 білікті маман қызмет көрсетеді. Олар 1 дәрігер және 8 арнайы халықаралық сертификаты бар нұсқаушы, иппотерапевт мамандар және арнайы дайындалған 3 жылқы бар. 

– Сала азаматтарының көмегімен жылқы арқылы түрлі жаттығулар жасалады. Қазіргі кезде 20-дан астам бала жылқы терапиясымен ем қабылдап жүр. Ерекше ескере кететіні – барлық қызмет түрі тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, орталық арнайы дәрігерлік бөлмемен қамтылған, – деді «ҮМІТ - НОРЕ – НАДЕЖДА» қоғамдық қорының төрағасы Қалима ИЗИМОВА. 

Орталықта дәрігердің тірек-қимыл қозғалысы бұзылған, мінез-құлық ауытқулары және Даун синдромы бар балалар емделеді. 

– Бұл орталықта алғашқы балаларды да қабылдап үлгердік. Жұмысты «ҮМІТ - НОРЕ - НАДЕЖДА» қоғамдық қоры басқарады, басшысы – Қалима Изимова. Орындаушы – «Құрманғазы - Туған жер» қоры, директоры Азамат АБДУЛЛАЕВ. Әдіснамаға және ғылыми жұмысқа «Атырау. Маленькая страна» қоғамдық ұйымы жауапты. Жобамызға қолдау білдірген Құрманғазы ауданы әкімдігіне алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта басқа ауданда да осындай жобалар іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, – деді Е.Күмісқалиев. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.