Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.
Елена Рыбакина Бейжіңде әлемнің 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты
1,130
оқылды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтық Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездесіп, төртеуінде А.Соболенко жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші қарқынды одан сайын үдетті – 6:2.

Бір сағат 34 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді.

Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.

Ол әлемнің 17-ракетасы, латвиялық Елена Остапенконы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайтынын жазған едік. 

Сондай-ақ Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Фото: vseprosport.ru