«AMANAT» партиясының Хатшысы Руслан Әлішевтің айтуынша, «Елмен бірге/ Вместе с народом» жобасындағы әрбір фильм қарапайым отандастарымыздың өмірінен сыр шертеді.
«AMANAT»: «Елмен бірге» телевизиялық жобасы басталды
720
оқылды

6 қазаннан бастап «Astana TV» телеарнасының эфирінде «Елмен бірге / Вместе с народом» атты жаңа телевизиялық жоба басталады. Жобаның бас серіктесі – «AMANAT» партиясы.

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны кезінде «AMANAT» партиясы азаматтардан 200 мыңнан астам ұсыныс пен талап-тілек жинады. Жиналған талап-тілектердің негізінде «Елмен бірге / Вместе с народом» деректі фильмдері жасалып, соның арқасында әрбір қазақстандық өзін мазалаған мәселені ашық айтуға мүмкіндік алды.

Қоғам мен партия арасындағы ашық диалогты көрсету үшін «Astana TV» телеарнасы шағын деректі фильмдер сериясын жасауды қолға алды. Онда қарапайым ел тұрғындарының өмірін жақсартқан оқиғалар туралы олардың өз аузымен баяндалады.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Руслан Әлішевтің айтуынша, «Елмен бірге / Вместе с народом» жобасындағы әрбір фильм қарапайым отандастарымыздың өмірінен сыр шертеді.

«Бұл – ел тұрғындарының өмірінен түсірілген Қазақстанның даму барысы туралы фильм. Онда кейіпкерлердің өз аузынан өмір, махаббат, арман сияқты тақырыптар төңірегінде әрбір адамның жеке көзқарасы ерекше баяндалады. Олар актер де, ойдан шығарылған кейіпкер де емес. Олар – бәріміз және әрқайсымыз үшін Әділетті Қазақстан құрсақ деген ортақ ниеттегі көршілеріміз, достарымыз және бізге жақын адамдар. Олар өздерінің қуанышымен, қайғысымен бөлісіп, «еңбек адамының» күнделікті тұрмыс-тіршілігін және қарапайым нәрселерден қалай шабыт алатыны туралы айтады»,- деді ол.

Айта кету керек, әр шығарылым бас кейіпкердің бір күндік тіршілігіне, оның өз аузымен баяндаған оқиға желісіне негізделіп дайындалған. «Боямасыз өмір» стилінде жасалған мазмұны ерек, форматы бөлек жобада жекелеген ауыл, аудан немесе аймақтың өзекті мәселелерін және олардың «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделері аясында қалай шешімін тауып жатқаны көрсетіледі.

Бірінші серияда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылдық округінің тұрғыны Амантай Балтабаев халық саны аз шекара маңындағы аудандардың тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды. Мемлекет басшысының шешімі бойынша партияның араласуымен Катонқарағай ауданы қайта құрылды:

Екінші серияның кейіпкері – Ақмола облысы Қараөзек ауылындағы мектептің директоры Қалимаш Дайырова. Ауылда жақында жаңа зәулім мектеп ғимараты салынып, балаларға арналған арнайы мектеп автобусы сатып алынды:

Анықтама:

Барлық 50 шағын фильм 6 қазаннан бастап «Astana TV» телеарнасының эфирінде, одан әрі YouTube-арнада және «AMANAT» партиясының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында көрсетіледі. 1 серияның хронометражы: 12-15 минут.