Паскаль Майер бұл туралы Астанада өтіп жатқан Nobel Fest ғылыми фестивалі кезінде айтты.
Паскаль Майер: Қазақтардың ДНҚ-сы бөлек. Оны Димаш Құдайберген, Күнсұлу Закария секілді таланттардан байқауға болады
7,380
оқылды

Бейресми түрде «ғылыми Оскар» деп аталатын breakthrough Prize (Серпін) әлемдік сыйлығының лауреаты, ДНҚ талдау саласындағы революционер Паскаль Майер қазақтардың ДНҚ-сын бірегей деп бағалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы шетелдік ғалым Астанада өтіп жатқан Nobel Fest ғылыми фестивалі барысында мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, мен өмірімнің көп жылын ДНҚ-ны зерттеуге арнадым. Мен бір нәрсені айтқым келеді – қазақтардың бірегей ДНҚ-сын көру үшін маған арнайы технологияның керегі жоқ. Оны Димаш Құдайберген, Күнсұлу Закария сынды талантты адамдардан байқауға болады.

Францияда біз Қазақстан туралы көп естімейміз, бірақ COVID кезінде сіздердің QazVac вакцинасын шығарғандарыңызды естідік және таңғалдық. Сіздер оны бақылау үшін клиникалық сынақтар жүргіздіңіздер. Министр Саясат Нұрбектің сөзі маған қатты әсер етті, әрине, бұл француз министрлерінің сөзінен әлдеқайда жақсы», – деді ол.