Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтермен жиында еліміздегі білім саласының өзекті мәселелеріне тоқталып, бірнеше бағытта нақты тапсырма берді.
Педагогикалық білімі бар жастар өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды – Ерболат Саурықов
1,352
оқылды

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов бала тәрбиесі, жиында айтылған түйткілді мәселе туралы пікір білдірді.  

Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ. Ал осы ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі болып өсуі алдымен ата-аналардың одан кейін ұстаздардың қолында. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы, сонымен қатар, ЖОО жастарымыздың тәрбиесі мен білім алуы жолындағы проблемаларының шешілу жолдарына баса назар аударды. 

Біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие саласына 30% жалақысына қосылады. Оны алдағы уақытта жоғарылату қажет. 

Екіншіден, педагогикалық білімі бар жастардың өз мамандығы бойынша басым бөлігі жұмысқа орналаса алмайды. 

Үшіншіден, жыл сайын демографияның өсіп келе жатқандығына байланысты мектептердің жетіспейді. 

Төртіншіден, ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын қысқарту қажет. 

Бесіншіден, қазіргі мектердегі оқушылар қауіпсіздігі мәселесін шешу тұрғысында сөз болды. 

Оқу-ағарту және Ғылым мен жоғары білім министрлігінің алдында осы тапсырмаларды орындауға байланысты үлкен міндет тұр. Бұл міндет тек министрлік пен үкіметтің алдындағы міндет емес, бүкіл халықтың алдындағы баршамызға ортақ міндет. Президент айтқан мәселе шын мәнінде, баршамызды алаңдататын, болашағымызға алыстан көз жүгіртетін, бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе. Ұлтымыздың болашағы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгілік ұстап тұратын жастарымыздың болашағы деп білуіміз керек.