Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздармен кездесіп Республикалық педагогтер съезінде баяндама жасады. Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков педагогтердің еңбегі, бала оқытудың жауапкершілігі туралы пікір білдірді.
Әкімдер педагогтердің жұмысқа орналасуына жағдай жасауы керек – депутат
1,084
оқылды

Президент өз сөзінде: Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет екенін айтып өтті.

Сонымен қатар «бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүргендігін және де кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты», – деп сөзін жалғады.

Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. 2019 жылы Президент бастамасымен «Ұстаз мәртебесі туралы» жеке заң қабылданса, соңғы жылдары мұғалімдер жалақысы 2 есе, тәрбиешілер айлығы 30 пайызға өскен болатын. Сонымен қатар Президент бүгінгі съезде мектептерде маман тапшылығын да жеткізді.

«Салалық министрлік біліктілік талаптарын жиі өзгерту арқылы оқытушыларға қысым жасауды тоқтатуы керек екенін айтқым келеді. Ойына не келсе, соны істейтін шенеуніктердің жүгенсіздігіне тосқауыл қою қажет. Мұғалімдер тыныш, тұрақты және алаңсыз жұмыс істеуге құқылы.

Педагог кадрлардың 60 пайызға жуығы өңірлік жоғары оқу орындарында даярланады. Сондықтан өңірлер деңгейінде жас мұғалімдерді қолдаудың маңызы зор. Әкімдер педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастыру үшін қолайлы жағдай жасауы керек», – деді Мемлекет басшысы.

«Ұстазы мықтының ұстамы мықты» деген дана сөз бар. Шәкірті ұстазынан озып шықса, ол онда ұстазының мықтылығы дейді. Президенттің бүгінгі педагогтердің Респуликалық съезінде жетістіктермен қатар біршама мәселелерді жеткізді. Және айтылған ұсыныстармен ұстаздарға деген ерекше құрметін қолдаймын.

Жаңа өмірге қадам басқан әр оқушының анасындай аялап, әкесіндей қамқор болып, білім нәрін білігімен себе білетін ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын! Оқалы сөздің өрнегін келтіріп, сұлу сөздің сөлін ағызбай ұлағатты сөздерін ұрпақтарға жеткізе білер сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Біз бәріміз ұстаз алдынан өттік. Әр заманның айырмашылығы болғанымен, ұстазға деген құрмет және ұстаздың біліктілігі қашан да биік болуы керек. Қазақ елінің дамуына зор үлес қосатын мұғалім деген аттың мәртебесі биік және соған лайық ұстаздар көп болғай!