35 адам стационарда ем қабылдап жатыр.
Қазақстанға коронавирустың жаңа штамы келді – министр
715
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штамы тіркелгенін мәлімдеді,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанға «Эрис» деп аталатын «Омикрон» штамы келді. Қазір барлық ел мен аймақта «Омикронның» жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутациялар пайда болады, ай сайын ДДҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді», – деді Ажар Ғиният брифингте.

Министр атағандай, қазір 35 адам стационарлық ем алып жатыр.

«Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді, ауру кезеңі қысқарады, орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық емдеуде жатыр. Бұл – қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар», – деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Фото: dzen.ru