«Ана үйінің» арқасында 10 жылда Қазақстандағы жетім балалар саны екі есе қысқарып, 9 мыңнан 4,5-ға дейін азайды.
Қордың қазақстандық бизнесмендерден тұратын Қамқоршылар кеңесі арнайы реабилитация бағдарламасын бастады. Ол денсаулығында ақауы бар балаларды отбасына қабылдауға дайын адамдарға қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.
2022 жылдың мамырында бағдарламаға 100 млн теңге бөлінді. Оның аясында балаларға медициналық реабилитация және коррекция бойынша көмек көрсетуге, операциялық ем жасауға төлемдер жасалып, қажет болған жағдайда тікелей қаржылық көмек көрсетіледі.
Бағдарлама аясында көмек алатындар арасында церебральды паралич дертіне шалдыққан балалар да кездеседі. Олардың қатарында Қор қызметкерлерінің арқасында ем алатын кішкентай Әлихан бар.
Қарағандыдан келген балалардың сауалнамасын зерделеп, Айгүл Әбілова екі баланы ‒ сегіз жастағы Александра мен екі жасар Әлиханды асырап алды. Диагнозына байланысты (церебральды паралич ауруы, спастикалық диплегия, конвергентті страбизм және есту қабілетінің бұзылуы) бала жүре алмайды. Құлағы естімейді.
«Балам қор есебінен оңалту курстарын өте бастады. Біз логопед, кәсіби терапевт, психолог және дефектологпен сабаққа қатысамыз. Оның жүрісі, есту қабілеті, моторикасы, сөйлеу қабілеті жақсарды, танымдық қызығушылығы пайда болды. Мен Қорға және оның қамқоршыларына біздің бақытымыз үшін, қазір балаларымның ана мейіріміне бөленіп, отбасында тәрбиеленіп жатқанына қуанамын», ‒ дейді Айгүл Әбілова.
«Ана үйі» жуырда 10 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде 6 200-ден астам әйелге көмек көрсетілді. Соның арқасында 6 300 бала балалар үйіне түспеді. 2016 жылдан бастап қор тағы бір маңызды бағытты ‒ ұлттық бала асырап алу агенттігін (НАУ) іске қосты. Оның көмегімен осы жылдар ішінде 1 821 бала қазақстандық отбасыларға орналастырылды. Бүгінде қор мемлекеттік органдармен бірлесіп, балалар үйлерін Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары мен Астанадағы балаларды қолдау орталықтарына трансформациялау және кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске асырып жатыр.