Өгей әкенің мұндай айуандыққа барғанынан қыздардың анасы хабардар болған.
Алматы облысында өгей әке үш жасар егіздерді зорлап келген
1,728
оқылды

Алматы облысының Балқаш ауданында өгей әке егіз қыздарды зорлаған. Бірге тұрған әйелдің бүлдіршіндеріне азғындық жасады деген 40 жастағы күдіктіге іздеу жарияланып, полиция оны көп ұзамай ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Ең сорақысы, көңіл қосқан азаматының мұндай айуандыққа барғанынан қыздардың анасы хабардар болған. Қандай себеппен жасырғаны, неліктен дер уақытында полицияға хабар бермегені тергеуде анықталады. 

Фото: Криминальный Казахстан телеграм-каналы

Немқұрайлық танытқан келіншектің өзі де қамауға алынған. Ал жантүршігерлік қылмыс жайында полицияға ауыл тұрғындарының бірі хабарлапты. Өгей әке егіздерді ұзақ уақыттан бері зорлап келген деген де күдік бар. Қазір азап көрген бүлдіршіндерге операция жасалып, ауруханада жатыр. 

- Күдіктінің әйелі де қамауға алынып, сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыс ПД бастығының ерекше бақылауында. ҚР ҚК-нің 201-бабы  негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді, - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.