Белгілі айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазіргі Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа көңілі толмайтынын ашық айтты.
Ринат Зайытов Үкімет мүшелері қалай тағайындалатыны туралы шындықты жайып салды
1,238
оқылды

Бұл туралы ол журналист Самал Ибраеваға берген сұхбатында мәлім етті.

Ринат Зайытовтың сөзінше Үкімет басшысының жұмысы күні бүгінге дейін көрінбейді.

«Нақтылы жұмысын көргем жоқ. Уақытын күтіп отырған шығар, істейтін ойы жоқ шығар. Өйткені олар сайлау арқылы келетін тұлғалар емес, оларды тағайындайтын тұлғалар және ол жаққа бару үшін, мың интрига. Ол жақтың саудасын білмеймін, өз басым әзірге көзге түсетін жұмыс жасаған жоқ. Бақырайтып тұрып хат жаздым», – дейді ол.