Өрт құрылыс материалдарынан шыққан.
Астанада жаңадан салынып жатқан ғимараттан өрт шықты
835
оқылды

Астанада ЭКСПО аумағында салынып жатқан ғимараттан өрт шықты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт құрылыс материалдарынан шыққан.

Ведомство мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 15.08-де түскен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жаңа ғимараттан қою түтін шыққанын алдымен жергілікті тұрғындар байқаған.

«Хусейн бел Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында орналасқан аумақтағы құрылыстан өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды. Қазіргі кезде өрт сөндірушілер оқиға орнында өртті сөндіріп жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.