Оқыс оқиға 3 қазан күні болған
Қарағанды-Теміртау тасжолында көлік өртеніп кетті
703
оқылды

Қарағанды-Теміртау тасжолында көлік өртеніп кетті. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

3 қазан күні сағат 16:44-те облыстық ТЖД пультіне көлік жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Теміртау қаласында, “Алматы-Екатеринбург” автомобиль жолының 1046-шы шақырымында Mercedes-Benz маркалы көлігі толық жанып кетті. Өрт аумағы – 3 шаршы метр. Өрт ТЖД күштері сағат 17:05-те ауыздықтады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.