Теміртау қалалық соты ұзақ уақыт бойы адамдарға ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтырған ер адамға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Теміртауда 10 жыл бойы адамдарға ВИЧ-ті әдейі жұқтырған ер адамға сот үкімі шықты
463
оқылды

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы қауіпті ауруды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін білген. Соған қарамастан, 10 жылдан астам уақыт бойы жыныстық қатынасқа түскенде қорғаныс құралдарын қолданбаған. Ол адамдарға иммун тапшылығы вирусымен ауырып жүргенін де айтпаған.

Сотта ер адам өз кінәсін ішінара мойындады. Жәбірленушілер де өз айғақтарын ұсынды. Прокурор сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал ер адамның қорғаушылары оны түрмеге отырғызбауды өтінді. Асырауында кәмелет жасқа толмаған баласының бар екенін де жекткізді.

Судья бәрін ескеріп, сотталушыны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 118-бабы 3-бөлігі (Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру, екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.